Select Page

13 қыркүйек күні ALT University 1-курс студенттері үшін ұмытылмас тимбилдинг шарасы ұйымдастырылды. Іс шара көрікті Есік көлінің баурайында, табиғаттың әсем көрінісі мен таза ауасының аясында өтті.

Бұл күн — жаңа таныстықтардың, шынайы күлкі мен қуаныштың, студенттік өмірдің нағыз бастамасы болды. 

Жастар көңілді ойындар ойнап, би билеп, ән шырқап, командалық рух пен бірлікті сезінді. Әр сәт — әсерге, әр күлкі — естелікке айналды.

Есік көлінің тыныштығы мен таудың самалына толы осы күн студенттердің есінде ұзақ сақталары анық.

Бірлік пен достықты ұран еткен жастарға шабыт пен жарқын сәттер тілейміз!

Skip to content
Приемная комиссия