Select Page

2026 жылғы 3 сәуірде Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында өткен «Физиктер лигасы» зияткерлік байқауында М. Тынышбаев атындағы ALT университетінің студенттері зор жетістікке қол жеткізді.

Университет намысын қорғаған «Quantum» командасы жоғары деңгейдегі дайындығын, терең теориялық білімі мен практикалық дағдыларын көрсетіп, тартысты үш кезеңнен тұратын сайыста жүлделі І орынды иеленді.

Бұл жеңіс – студенттердің білімге деген құштарлығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Команда жетекшісі – «Жалпы инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нурахметова Күлзира Құмарғалиқызы. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Skip to content
Приемная комиссия