Select Page

13 ақпан күні Ғашықтар күніне орай университет қабырғасында студенттерге арналған Forever Love Party атты ерекше көңілді кеш ұйымдастырылды.

Махаббат пен достықтың, жылулық пен шынайы сезімнің мерекесіне айналған бұл кеш студенттерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Университет іші мерекелік атмосфераға бөленіп, жүрекке толы безендірулер мен әсем әуен кештің сәнін кіргізді.

Кеш барысында қатысушыларға арналған түрлі қызықты конкурстар ұйымдастырылып, жұптық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар өткізілді. Студенттер өз белсенділіктерін, тапқырлықтарын және сахналық өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Әр конкурс ерекше эмоцияға толы сәттер сыйлап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.

Бұл мереке тек ойын-сауық кеші ғана емес, студенттер арасындағы достықты нығайтып, бірлік пен ұйымшылдықты арттырған жарқын шараға айналды.

Skip to content
Приемная комиссия