Select Page

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бағдарламасы аясында 8 сәуірде студенттер арасында «Қоғам және гендерлік теңдік» атты пікірталас ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесіне назарын аударту, олардың бойында осы тақырыпқа қатысты сауатты көзқарас пен түсінік қалыптастыру. Шара барысында білім алушылар қызу пікірталасқа түсіп, өз ойларын ортаға салды.

Пікірталасты «Language Education» кафедрасының сеньор-лекторы Г.Н. Досжанова 1-курс студенттерінің арасында өткізді. Мұндай іс-шаралар жастардың әлеуметтік мәселелерге деген жауапкершілігін арттырып, демократиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия