2026 жылдың 4 наурызында ALT Университетінде 8 наурыз мерекесі қарсаңында №5 Тұрақты даму мақсаты — «Гендерлік теңдік» аясында 388, 389 және 390-топтарда арнайы сабақ өткізілді.
«Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Салима Әлиева ұйымдастырған бұл шара қазақ қыздарының бүкіл Орта Азия тарихы мен мәдениетіндегі ерекше орнын дәріптеуге бағытталды. Сабақ барысында алғашқы қазақ зиялы әйелдерінің ерлікке толы жолы мен олардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі жан-жақты талқыланды.
Бұл іс-шара студенттердің Тұрақты даму мақсаттары туралы білімдерін кеңейтіп, қазақ әйелдерінің тарихи миссиясына деген құрметін арттырды. Нәтижесінде білім алушылар гендерлік теңдіктің маңыздылығын ұлттық құндылықтар тұрғысынан сезініп, жаңаша көзқарас қалыптастырды.


