2026 жылдың 2 ақпаны мен 18 сәуірі аралығында «ӘГП және ДШ» кафедрасында техникалық мамандықтар бойынша 1-курс докторанттарының педагогикалық практикасы өтті. Профессор-оқытушылар құрамы: А.С. Әбдірайымова, Ж.К. Сағындықова және Л.Н. Ақбаеваның жетекшілігімен докторанттар оқытудың заманауи әдістемелерін меңгерді.
Тәжірибенің негізгі жетістіктері:
-
Интерактивті оқыту: Дәрістер мен зертханалық сабақтар «онлайн» және «офлайн» форматтарында озық технологияларды қолдану арқылы өткізілді;
-
ТДМ интеграциясы: Практика аясында ТДМ №4, №8, №9 және №12 мақсаттарын іске асыруға бағытталған тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды;
-
Әртүрлі форматтар: Студенттермен дебаттар, тренингтер өткізіліп, мұражайлар мен ірі өндіріс орындарына танымдық саяхаттар жасалды.


