М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің ұжымы Жанат Сұлтанбекұлы Мұсаевты жоғары ғылыми атақ — профессор дәрежесінің берілуімен шын жүректен құттықтайды!
Техника ғылымдарының докторы мәртебесі мен профессор атағының ұштасуы — Сіздің көрнекті ғалым, талантты педагог және нағыз тәлімгер ретіндегі беделіңіздің айқын дәлелі. Сіздің көлік инженериясы саласындағы қызметіңіз жаһандық Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға тікелей ықпал етеді:
-
ТДМ 4 (Сапалы білім беру): Жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлау;
-
ТДМ 9 (Инновациялар мен инфрақұрылым): Көлік саласына озық технологияларды енгізу;
-
ТДМ 11 (Тұрақты қалалар): Жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту;
-
ТДМ 8 (Экономикалық өсу): Отандық машина жасау саласын жаңғырту.
Сізге сарқылмас шығармашылық қуат, ғылыми жаңалықтар мен амандық тілейміз!


