2026 жылғы 19-20 наурызда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде «Түйіспесіз жол және теңестіргіш түйіспені төсеу» тақырыбында ауқымды ғылыми-өндірістік семинар өтті. Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясының» басшылығы мен жол дистанцияларының бастықтары, сондай-ақ университеттің «Көлік құрылысы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Семинар барысында түйіспесіз жолдарды төсеу мен пайдаланудың өзекті мәселелері, жасанды құрылыстардың жай-күйін балдық бағалау және жол дистанцияларының төлқұжаттарын тапсыру үдерістері талқыланды. Ерекше назар ALT Университеті студенттерінің өндірістік практикасын ұйымдастыру мен оның тиімділігін арттыру мәселелеріне аударылды. Бұл кездесу болашақ теміржолшыларды даярлаудағы теория мен практиканың ажырамас байланысын нығайта түсті.


