Логистика және көлік академиясы 12 сәуір ғылым қызметкерлері күнін мерекелеу аясында сәуір айын Ғылым және инновация айы деп жариялаған болатын. Ғылым және инновация айының шеңберінде 20 сәуір күні «Тілдік дайындық» кафедрасында «World experience in the effective application of innovations in teaching speaking» тақырыбында ғылыми семинар болып өтті. Семинарды жүргізген «ТД» кафедрасының ассистент-оқытушысы, ҚазҰПУ докторанты – Құлшаева Айнұр Манатқызы. Семинар барысында қазіргі кезде студенттердің жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері қамтылды. Интернет технологиясының, оның ішінде түрлі сайттардың пайдалы жақтары қарастырылды. Аталмыш семинарға «Базалық және қашықтықтан білім беру» институтының директоры Абдрешов Ш.А., кафедра меңгерушісі Смаилова Ф.И және кафедра оқытушылары қатысты.