2026 жылдың 12 наурызында Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігі жанындағы Жоғарғы аттестаттау комиссиясы «Энергетика» кафедрасының сениор-лекторы Қазбек Найманқазыұлы Оразбаевқа 05.14.08 – жаңартылатын энергия түрлері негізіндегі энергетикалық қондырғылар мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты дипломын ресми түрде табыс етті.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Машинатану, автоматика және геомеханика институты, Ош мемлекеттік университеті және И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті жанындағы Д 05.24.705 Диссертациялық кеңесінде техника ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Алайбек Жұмабекұлы Обозовтың жетекшілігімен қорғалған «Гравитациялық-иірімді микроСЭС-ті тәжірибелік есептеудің әдістерін зерттеу және жасау» тақырыбындағы диссертация – терең білім мен ғылыми жетілудің дәлелі. Бұл жұмыс энергия сыйымдылығы аз автономды тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін гравитациялық микроСЭС-ті есептеу мен жобалаудың ғылыми негізделген әдістерін жасауға арналған, оның мазмұны ТДМ 7 – Қол жетімді және таза энергия тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.
Жасалған әдістер, модельдер, құрылған алгоритмдер мен зерттеу нәтижелері ТДМ 4 – Сапалы білім беру шеңберінде «Энергетика» БББ бойынша бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлау кезінде «Энергетика» кафедрасының оқу үрдісіне енгізілгенін ерекше атап өткен жөн.


