Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті базасында жүзеге асырылып жатқан «Зымыран тасығыштарының өтелген сатысының бактерінде оның түсуін басқаратындай мүмкіндігін ескере отырып, кепілдендірілген отын қорын өндіру әдістемесін әзірлеу» атты ғылыми жобасы «қорытынды» мониторингтен сәтті өтіп, іске асырудың жоспарланған кезеңдеріне сәйкестігін, жүргізілген ғылыми зерттеулердің жоғары сапасы мен қол жеткізілген нәтижелері растады.
Ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру барысында алынған нәтижелер «Көлік құрылысы» кафедрасы мен «Көлік және құрылыс» институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) келесі бағыттарына сәйкес келеді:
- ТДМ 4: Сапалы білім;
- ТДМ 9: Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым;
- ТДМ 12: Жауапты тұтыну және өндіру.
Алдағы уақытта да жаңа ғылыми жетістіктерге, тың ғылыми идеяларға, жобалар мен бағдарламалардың табысты жүзеге асуына және шығармашылық табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз!
Автор: Құлтаева Ш. М.


