Select Page

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті базасында жүзеге асырылып жатқан «Маневрлік локомотивтердің пайдалану тиімділігін арттыру тәсілін әзірлеу» атты ғылыми жобасы «қорытынды» мониторингтен сәтті өтіп, іске асырудың жоспарланған кезеңдеріне сәйкестігін, жүргізілген ғылыми зерттеулердің жоғары сапасы мен қол жеткізілген нәтижелері растады.

Ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру барысында алынған нәтижелер «Жылжымалы құрам» кафедрасы мен «Көлік және құрылыс» институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) келесі бағыттарына сәйкес келеді:

  • ТДМ 4: Сапалы білім;
  • ТДМ 9: Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым.

Алдағы уақытта да жаңа ғылыми жетістіктерге, тың ғылыми идеяларға, жобалар мен бағдарламалардың табысты жүзеге асуына және шығармашылық табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз!

Автор: Құлтаева Ш. М.

Skip to content
Приемная комиссия