Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті базасында жүзеге асырылып жатқан «Инновациялық жылжымалы құрам экипажының динамикалық қасиеттерін зерттеу үшін жолдың кедір-бұдырлықтарын теориялық-эксперименттік зерттеулер негізінде модельдеу» атты ғылыми жобасы «қорытынды» мониторингтен сәтті өтіп, іске асырудың жоспарланған кезеңдеріне сәйкестігін, жүргізілген ғылыми зерттеулердің жоғары сапасы мен қол жеткізілген нәтижелері растады.
Ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру барысында алынған нәтижелер «Жылжымалы құрам» кафедрасы мен «Көлік және құрылыс» институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) келесі бағыттарына сәйкес келеді:
- ТДМ 4: Сапалы білім;
- ТДМ 9: Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым.
Алдағы уақытта да жаңа ғылыми жетістіктерге, тың ғылыми идеяларға, жобалар мен бағдарламалардың табысты жүзеге асуына және шығармашылық табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз!
Автор: Құлтаева Ш. М.


