Select Page

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасы тұрақты даму, энергия тиімділігі және экологиялық цифрландыру саласындағы инновациялық IT шешімдерді әзірлеуге бағытталған «Green IT» хакатонын өткізеді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді ресурстарды ұтымды пайдалануға, көміртегі ізін азайтуға және жасыл технологияларды дамытуға ықпал ететін технологиялық жобаларды әзірлеуге тарту. Хакатон БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда ТДМ 7 (Қолжетімді және таза энергия) және ТДМ 12 (Жауапты тұтыну және өндіріс) бағыттарына сәйкес өткізіледі.

Хакатонның негізгі бағыттары:

  • 🌱 Green AI – жасанды интеллекттің энергия тиімді алгоритмдерін әзірлеу.
  • ⚡ Smart Energy (ТДМ 7) – энергия тұтынуды мониторингтеу, талдау және оңтайландыру жүйелері.
  • ☀️ Renewable Energy (ТДМ 7) – күн және жаңартылатын энергия көздеріне арналған цифрлық шешімдер.
  • ♻️ Waste Management (ТДМ 12) – қалдықтарды қайта өңдеу және циркулярлық экономикаға арналған IT шешімдер.
  • 🌍 Sustainable Development (SDGs) – Тұрақты даму мақсаттарына арналған цифрлық шешімдер.
  • 🏙 Smart City – экологиялық ақылды қала жүйелері.
  • 📊 Data Science for Ecology – экологиялық деректерді талдау.
  • 🌐 IoT for Green Tech – қоршаған ортаны бақылауға арналған ақылды датчиктер

Хакатон студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға, экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруға және тұрақты энергетика мен ресурстарды тиімді пайдалану саласында цифрлық шешімдер әзірлей алатын мамандарды даярлауға бағытталған.

Хакатон қорытындысы бойынша 1, 2 және 3 орын иегерлері анықталады. Жеңімпаздар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ұтыс қоры талантты студенттерді қолдауға және Green IT мен тұрақты энергетика саласындағы инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған.

Өткізу күні: 2026 жылғы 31 наурыз, сағат 12:00, IT HUB аудиториясы.

Сілтеме арқылы тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeCaYGM8tEy_DNG8PIHHIhHDfXfu0IPQyQQUbD_02vPkIvwag/viewform?usp=sharing&ouid=110526959725226203205

 

Skip to content
Приемная комиссия