Қазіргі таңда білім беру процессі жаңғыру кезеңінен өтіп жатқандықтан, біз ең алдымен, білім алушылардың танымдық қызығушылығын және білім беру процесінің маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту жолында жұмыс жасауымыз тиіс. Ал танымдық қызығушылықты арттырудың бірден бір жолы – білім алушыларды лингвистикалық клубтарға қатыстыру. Осыған орай «Полиглот» лингвистикалық клубының жоспары бойынша 2021 жылдың 29 қазанында №5713 аудиторияда сағат 12.30-да «Halloween party» іс-шарасы өткізілді, оның негізгі мақсаттары: студенттердің қызығушылығын арттыру және ағылшын тілін үйренуге ынталандыру, коммуникативті тілді меңгеру деңгейдерін, шет елдердің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін кеңейту. Іс-шараны «Тілдік дайындық» кафедрасының ассистент-оқытушылары А.Б. Нурсейіт және Ф. Г. Сәрсенбаева ұйымдастырып, жүргізді. Іс-шара «Автоматтандыру және басқару», «Жол және жол машиналары», «Көпірлер, туннельдер және метрополитен», «Энергетика», «Көлік логистикасы», «Автомобиль жолдары және аэродромдар» мамандықтары студенттерінің қатысуымен өтті.
Аталмыш іс-шара студенттерді Хэллоуин мерекесінің тарихымен және оның дәстүрлерімен толығырақ таныстыруға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында қатысушылар сөзжұмбақ шешіп, пазлдар жинады, жұмбақтар шешті, викторина сұрақтарына жауап берді. Біім алушылар іс-шараға белсенді қатысты.
“Halloween Party” кешінің нәтижесі – бастапқыда қойылған келесідей мақсаттарға қол жеткізілді: білім алушыларды Англия мен Американың дәстүрлерін біліп жүруге баулу, шетел мәдениетіне толерантты көзқараспен қарауға тәрбиелеу, елтану пәні бойынша білімдерін кеңейту, жауапкершіліктерін және ұжымда жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.