Select Page

2025–2026 оқу жылының екінші семестрінде Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті академиялық ұтқырлық және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық аясында Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университетінен 50 студентті қабылдауда.

Оқыту «Автомобиль инжинирингі», «Жылжымалы құрам инженериясы», «Локомотивтер» және «Телекоммуникациялық жүйелер» бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Семестр барысында студенттер бейіндік пәндерді меңгеріп, білімдерін тереңдетіп, көлік және инженерия салаларында практикалық дағдыларды игеруде.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. Студенттер оқу үдерісіне, ғылыми және тәжірибеге бағытталған іс-шараларға белсенді қатысып, университеттің білім беру және мәдени ортасымен танысуда.

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасап, жаңа буынның бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауға үлес қосуда.

Skip to content
Приемная комиссия