Select Page

2025 жылғы 15–16 қазан күндері М. Тынышбаев атындағы ALT Университетінде «Механика және көлік құрылыстарының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция сәтті түрде ұйымдастырылып өткізілді. Конференция ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылым мен техника саласының еңбек сіңірген қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор Айталиев Шмидт Мусаевичтің 90 жылдығына арналды.

Конференция жұмысына Қазақстаннан және шетелден келген көрнекті ғалымдар, оқытушылар мен мамандар қатысты. Ғылыми баяндамалар тыңдалып, секциялық отырыстар мен дөңгелек үстелдер өткізілді, бұл ғылыми тәжірибе алмасуға және университеттер аралық әрі халықаралық байланыстарды нығайтуға жол ашты.

Ұйымдастыру комитеті мен университет кафедралары барлық қатысушыларға, баяндамашылық еткен және іс-шараны қолдаған азаматтарға шынайы алғыс білдіреді.

Skip to content
Приемная комиссия