Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылғы 29 қыркүйекте өткен Құрметті теміржолшы, ҚР Бірінші Көлік министрі, мемлекет қайраткері Н.К. Исингариннің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның көліктік әлеуеті: бастаулары мен келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша
ШЕШІМ
Конференция жұмысына офлайн және онлайн форматта 125-тен астам адам қатысты. Пленарлық отырыста және секцияларда 62 баяндама оқылды. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығы, Алматы қаласының және Қарағанды облысының әкімдері қатысты.
Шақырылған қатысушылар арасында Ресей және Қытай темір жолы, Ресейдің көліктік БАҚ, «Укрванештранс» қауымдастығы, ТМД үйлестіру-көлік кеңесі, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының Бақылау кеңесі, Cilt Қазақстан, «Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша серіктестік» ЗТБ қауымдастығы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығы, «Қазақстан темір жолы «ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС, «Azurite Railway Solutions» ЖШС, «Қазақстан Теміржолы»ҰК» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС, «Azurite Railway Solutions» ЖШС, «Қамқор Вагон», «Атамекен» ҰКП көліктік логистика жөніндегі подкомитетінің өкілдері болды
Конференция жұмысына ғылыми-білім беру мекемелері: Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы, Логистика және көлік академиясының өкілдері белсенді қатысты.
Қатысушылардың кәсіби спектрі мен географиясының кең ауқымды қамтылуы конференция тақырыбының және оның шеңберінде қаралатын мәселелердің өзектілігін растайды. Конференцияны «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері Одағы, ҚР салалық медиа қауымдастығы мен «Логистика және көлік академиясы» ұйымдастырды.
Конференцияның негізгі тақырыбы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Н.К. Исингариннің нарықтық қайта құру кезеңінде елдің көлік-логистика саласының жұмыс істеуінің институционалдық негіздерін құруға қосқан үлесіне арналған. Конференция барысында мерейтой иесіне көптеген құттықтау сөздері мен жылы сөздер айтылды.
Конференция жұмысы үш сессияда ұйымдастырылды. «Транс-еуразиялық көлік маршруттары бәсекелестігінің өсуі жағдайында Қазақстан арқылы транзиттік дәліздерді дамыту» бірінші сессиясында теміржол саласындағы контейнерлеуге арналған трендтер, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту проблемалары, көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және халықаралық өту пункттері мен шекара маңындағы станциялардың жұмысын жетілдіру талқыланды.
«Цифрландыру теміржол көлігінің жұмыс істеу тиімділігін арттырудың басты факторы ретінде» екінші сессиясында «ҚТЖ» ҰК АҚ цифрлық трансформациясы тақырыптары, Қазақстанның логистика саласына Supply Chain Management технологияларын енгізу мәселелері, мультимодальдық логистикалық шешімдерде бірыңғай электрондық құжаттарды қолдану және жылжымалы құрам паркін басқаруда цифрлық стандарттар қозғалды.
«Заманауи логистика және көлік – инновациялық шешімдер» үшінші сессиясында конференция делегаттары үш секция жұмысына қатысты:
– I секция : Логистика және көлік жүйелерін басқару
– II секция: көлік саласындағы цифрландырудың өзекті мәселелері
– III секция: Көлік инженериясы.
Пленарлық отырыста ұсынылған баяндамалар үлкен қызығушылық тудырды.
Бірінші және екінші сессиялар бойынша пікірталастарға ТЖЫҰ жүк тасымалдары комиссиясының төрайымы З. А. Аспаева, «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС Бас директорының орынбасары К. К. Көбесов, Қазақстан Республикасы Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы И. П. Сегал, ТМТМ Бас хатшысы Г. С. Әбдікерімов, «Атамекен» ҰКП Көлік логистикасы жөніндегі подкомитетінің төрағасы Е. С. Есқалиев, «Логистика және көлік академиясының» президенті-ректоры С. Н. Әмірғалиева, «Укрвнештранс» қауымдастығының » президенті О.П. Платонов, ТК ҒЗИ ҒЗИ ҒЭС төрағасы Э. Т. Каплан, Cilt Қазақстан Бас директорының орынбасары Е. О. Мухаев, «ҚТЖ» ҰК » АҚ ЦДАЦ орынбасары Д. Р. Кадыров қатысты.
Конференцияға зерттеушілерден 62 ғылыми хабарлама келіп түсті. Көлік саласын дамыту проблемаларының ауқымы мен өзектілігін көрсете білген үшінші сессияның неғұрлым қызықты деп танылған баяндамаларын толық көлемде көрсетті:
– «Логистика және көлік жүйелерін басқару» секциясында мына баяндамалар оқылды: А.Т. Есенгелди, Л.В. Вахитованың «Особенности и перспективы развития работы контейнерных терминалов в Казахстане» және Л.В. Вахитова, К.Т. Алданазаров, К.Е. Исаевтың «Техническое обеспечение мультимодальных перевозок» баяндамалары;
– «Көлік саласындағы цифрландырудың өзекті мәселелері» секциясында ең қызықты баяндамалар оқылды: авторлар Б. Онгар, А.К. Коджабергенова «ЖЭО-да көмірді тиімді газдандыру және генераторлық газдың жануы» тақырыбындағы, сонымен бірге В.А. Шульц, А.Б. Бейсенбеков, Л.Т. Тасболатовалардың «Этапы разработки и внедрения микропроцессорной системы диспетчерской централизации (асдц) отечественного производства на сети железных дорогах Казахстана» тақырыбындағы баяндамалары оқылды;
– «Көлік инженериясы» секциясына қатысушылар атап өтілді: Н.М. Махметова, И.С. Бондарь, М.Я. Квашниндер «Оценка напряженного состояния металлической фермы железнодорожного моста» тақырыбында, Ж.С. Мусаев, И. К. Зулпыхарова «Техническое и технологическое обеспечение перевозки скоропортящихся грузов на железнодорожном транспорте» тақырыбында және Г.К. Аширбаев, К.Ж.Калиева, И.А.Аширбаева, А.М. Елшібеков, Н.Р.Джакупов «К вопросу применения электродинамического торможения для электрической тяги» тақырыбында баяндамалар жасады.
Конференция қорытындысы бойынша мынадай шешімдерді қабылдау ұсынылады:
- Конференцияда мәлімделген және сессия шеңберінде қаралатын көлік саласын дамыту мәселелері тақырыбының өзектілігін тану.
- Конференция жұмысының нәтижелері машина жасау, білім беру, логистика, көлік, басқару жүйелерін автоматтандыру, көлік құрылысы және т. б. салаларда қолданылуы мүмкін екенін мойындау керек.
- Логистика және көлік академиясының базасының сәйкес құзыреттерді алу бөлігінде білім беру саласы бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлауда цифрландыруды енгізу жандандыру және оған басымдық беру;
- Алынған нәтижелерді Логистика және көлік саласының ғылыми әдістемелік және оқу -әдістемелік жұмыстарына енгізу, сонымен бірге зерттеулер жүргізу мен практикалық нұсқаулықтар жемісті тәжірибе алмасу деп саналсын.
- Конференция материалдарын жинақтар мен конференция бағдарламалары түрінде «Логистика және көлік академиясының» сайтында жариялау.
- Конференцияға қатысу үшін өз өкілдерін жіберген ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына зор ризашылық білдіру және алғыс жариялау;
Қарар жобасын конференцияның жалпы жиналысында бекіту ұсынылады.