Select Page

2026 жылғы 27 наурызда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Айжан Қалкенқызы Туғанованың қатысуымен М. Тынышбаев атындағы ALT Университетінде «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті. Шараға «Автомобиль жолдары және аэродромдар» мен «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандықтарының (АДА-23-1к, АДА-23-2п, САД-23-1к топтары) білім алушылары қатысты.

Дәріс тақырыбы: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің цементбетон жабыны бар автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау». Басқосуда цементбетон жабындарын салудың заманауи технологиялары, жобалау ерекшеліктері мен жол құрылымдарының беріктігіне қойылатын талаптар егжей-тегжейлі қарастырылды. Еліміздің транзиттік әлеуетін арттырудағы бұл ауқымды жобаның стратегиялық рөліне ерекше назар аударылды.

Дәріскер Жамбыл облыстық филиалының практикалық жұмыс тәжірибесін ұсынып, сапаны бақылау, күтіп ұстау және инновациялық материалдарды қолдану мәселелерін атап өтті. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, жол саласын дамыту перспективаларына қатысты сұрақтарына жауап алды. Бұл кездесу болашақ мамандардың жол құрылысы мен инфрақұрылымды басқару саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Skip to content
Приемная комиссия