Select Page

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «ALT ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС-де 1-курс студентерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараны Комплаенс қызметінің комплаенс-офицері Б.С.Төлетаев жүргізе отырып, жас мамандарға жоғарыда аталып көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы мемлекетіміздің және Университеттің атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар етті. Жемқорлық төңірегінде алаңдаушылық тудыратын мәселелерден мысалдар келтіріп, дұрыс шешім қабылдау жолдары айтылды. Колледждегі әлдебір келеңсіз жайттар туындаған жағдайда не істеу керек, кімге хабарласы керек жөніндегі нұсқаулар да назардан тыс қалмады. Студенттер болса өздерін қызықтырған сауалдар бойынша сұрақтар қойып, мәселенің мән-жайын анықтауға мүмкіндік алды.

Skip to content
Приемная комиссия