Select Page

2025–2026 оқу жылының екінші семестрінде Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің 93 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университетінде білім алуда.
Оқу «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Электр энергетикасы», «IT-энергетика» және «Жылжымалы құрам инженериясы» бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Семестр барысында студенттер бейіндік пәндерді меңгеріп, білімдерін тереңдетіп, көлік және энергетика салаларының заманауи талаптарына сай практикалық дағдыларды игеруде.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге құнды білім беру және мәдени тәжірибе алуға, сондай-ақ кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді. Студенттер оқу үдерісіне, ғылыми зерттеулерге және тәжірибеге бағытталған жобаларға белсенді қатысып, Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруда.
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті академиялық ұтқырлық географиясын кеңейтуді жалғастырып, студенттерге жетекші бейінді жоғары оқу орындарында білім алуға және халықаралық кәсіби тәжірибе қалыптастыруға мүмкіндік беруде.

Skip to content
Приемная комиссия