Select Page

2026 жылғы 14–28 қазан аралығында «М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ-ның 15 магистранты Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы Chang’an University базасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Шетелдік сапар барысында магистранттар Chang’an University білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен танысып, дәрістерге, практикалық сабақтарға және ғылыми іс-шараларға қатысты. Бағдарламаның маңызды бөлігі әртүрлі елдердің академикалық және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің басын қосқан халықаралық форумға қатысу болды. Магистранттар шетелдік қатысушылармен білім мен идеялар алмасуға, зерттеулердің өзекті бағыттарын талқылауға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік алды.

Тағылымдама мен халықаралық форумға қатысу магистранттарға жаңа зерттеу тәсілдерін меңгеруге, кәсіби өрісті кеңейтуге және халықаралық академикалық коммуникацияның құнды тәжірибесін жинақтауға жол ашты.

Қытайдың мәдениетімен және дәстүрлерімен танысу да ерекше маңызға ие болды. Сиань қаласының тарихи және мәдени көрікті жерлерін аралау білім алушылардың мәдениетаралық құзыреттіліктерін дамытуға және халықаралық ынтымақтастыққа деген қызығушылығын нығайтуға ықпал етті.

Тағылымдама қорытындысы бойынша барлық магистранттарға ғылыми тағылымдама бағдарламасына қатысқанын растайтын сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Автор: Нұрманбек А. Е.

Skip to content
Приемная комиссия