Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті жаһандану стратегиясын дамыту мен халықаралық академиялық байланыстарды нығайту жолында тағы бір маңызды қадам жасады. Университетіміздің басшылығы АҚШ-тың беделді жоғары оқу орны — Westcliff University (WU) мекемесімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Бұл келісім Қазақстан мен АҚШ арасындағы жоғары оқу орындары арасындағы алмасу, білім беру және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы үшін жаңа ауқымды көкжиектер ашады.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: Меморандум екі елдің заңнамасы мен автономиясын құрметтей отырып, қос институттың өзара тиімді дамуына берік негіз қалайды. Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары мыналар болмақ:
- Оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы:Тәжірибе алмасу, бірлескен дәрістер өткізу, зерттеу жобаларын дамыту және озық оқыту әдістемелерін енгізу.
- Студенттермен алмасу және шетелде білім алу:ALT Университетінің студенттері Westcliff University базасында оқудан, тағылымдамадан өтудің және зерттеу бағдарламаларына қатысудың бірегей мүмкіндігіне ие болады.
ALT студенттеріне арналған эксклюзивті мүмкіндіктер мен стипендиялар: Келісімде дарынды жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінген. АҚШ-тағы Westcliff University кампусына бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша тікелей оқуға баратын (J1 визасымен) біздің университет студенттері арнайы стипендияларға ие бола алады:
- Бакалавриат бағдарламаларының студенттері үшін ресми оқу құнына (international on-campus fees)30% жеңілдік.
- Магистратура бағдарламаларының студенттері үшін ресми оқу құнына (international on-campus fees)20% жеңілдік.
Болашаққа деген сенімділік Келісім бағдарламалардың сапасын әр үш жыл сайын жүйелі түрде қайта қарай отырып, ұзақ мерзімді перспективаға есептелген. Меморандумның маңызды тұсы — шарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда да, сол сәтте іске қосылған барлық оқу бағдарламалары мен оларда оқитын студенттер өз оқуын кедергісіз және толық көлемде аяқтай алады.
Бұл меморандумға қол қою — ALT Университетінің әлемдік аренадағы жоғары мәртебесінің және студенттер мен оқытушыларға халықаралық деңгейдегі білім мен мүмкіндіктерді ұсынуға деген ұмтылысымыздың дәлелі!
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары, іріктеу критерийлері және Westcliff University-де оқуға өтінім беру туралы толық ақпарат алу үшін ALT Университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз.


