2025 жылдың 14 қарашасында «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым» бағыты аясында 1-курс студенттеріне арналған «3D модельдеу және визуализация» пәні бойынша шығармашылық конкурс өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің заманауи цифрлық технологияларға қызығушылығын арттыру, 3D модельдеу дағдыларын дамыту және оларды болашақ IT индустриясының талаптарына бейімдеу.
Қатысушылар төрт командаға бөлінді:
RenderForce (капитаны — Орынбек Рамазан),
PolyMasters (капитаны — Аманов Али),
FormLab (капитаны — Сахыев Бауыржан),
LightCraft (капитаны — Нұрқасым Мирас).
Конкурс барысында студенттер:
- Blender бағдарламасында «Алматы – болашақтың цифрлық экожүйесі» тақырыбында шығармашылық 3D жобалар жасады;
- теориялық викторина сұрақтарына жауап берді;
- 25 минут ішінде ас бөлмесінің 3D моделін әзірлеу бойынша практикалық тапсырманы орындады.
Жеңімпаздар 20 000, 15 000 және 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақыларға ие болды, ал барлық қатысушылар мен команда капитандары сертификаттар, дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Екі айлық дайындық нәтижесінде студенттердің кәсіби деңгейі junior деңгейінен middle деңгейіне дейін өскені анық байқалды.
Байқаудың ұйымдастырушысы – ИКТ кафедрасының оқытушысы Айгерим Қайыржанова, 3D модельдеу дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік жарысты қолға алған.


