Select Page

«Инженерлік геодезия» пәні бойынша КГ-24-7,8 топтарының білім алушыларымен өткен практикалық сабақ аясында «Көлік құрылысы» кафедрасының сеньор-лекторы А.М. Аблязова мен ассистент-оқытушы Н.М. Әшімхан №9 ТДМ — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» бағытын іске асыруға бағытталған жұмыстар жүргізді.

Сабақ барысында кейс-тапсырмалар, топтық жұмыс және практикалық жағдайларды талдау сияқты заманауи әдістер қолданылды. Бұл формат студенттердің теориялық білімін бекітіп қана қоймай, ұжымдық шешім қабылдау және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Студенттер жоғары белсенділік танытып, алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана алатынын көрсетті. Осындай сабақтар болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тұрақты дамудағы инновациялардың маңызын түсінуге ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия