Профессор-оқытушылар құрамын инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа дайындау, қажетті жағдайлар мен кедергісіз орта құру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында 2023 жылғы 20 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін «АЛиТ» АҚ оқытушылары мен қызметкерлері «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өтті.
Бұл курста оқытушылар мен қызметкерлер тұрақты даму орталығының 4-ші тармағы сапалы білім және мүмкіндігі шектеулі студенттермен жұмыс істеуде бірегей білім мен тәсілдерді, жұмыс барысында кездесетін қиын жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, сондай-ақ өз тәжірибесінде еркін қолдана алатын көптеген әдістерді ала алды.
Курс барысында қатысушылар келесі аспектілерді қарастырды:
- АВА (мінез-құлықты қолданбалы талдау) негізінде ЖОО-дағы инклюзивті білім берудің ерекшеліктері;
- оқу-тәрбие жұмысындағы тьютордың рөлі;
- аутист студенттермен жұмыс;
- мүмкіндігі шектеулі студенттерді бейімдеу;
- қалаусыз мінез-құлықпен жұмыс;
- жаза және жазаның жанама әсерлері;
- күшейту (көтермелеу);
- жаңа дағдыларды үйрету;
- баламалы байланыс жүйелері;
- құрдастарымен қарым-қатынас;
- ЖОО қабырғасындағы мінез-құлық дағдылары;
- бағыну дағдылары.