2025–2026 оқу жылында М.Тынышпаев атындағы ALT университетінде инклюзивті білім беруді дамыту және профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру саясаты аясында қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.
2026 жылғы 23 ақпан – 06 наурыз аралығында «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ базасында қашықтық форматта «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Бағдарлама аясында қатысушылар келесі негізгі бағыттарды меңгерді:
- инклюзивті білім берудің заңнамалық негіздері және жоғары мектепте инклюзивті мәдениетті дамыту;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды білім беру кеңістігіне енгізу шарттары;
- университетте кедергісіз орта қалыптастыру және физикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеуге оқытушыларды даярлау;
- оқытудың вариативті педагогикалық тәсілдері мен технологияларын қолдану.
Оқыту университет қаражаты есебінен жүргізілді. Бір қызметкердің оқу құны 15 000 теңгені, ал жалпы шығын 750 000 теңгені құрады.
Курстарды қорытындылау нәтижесінде университеттің 50 профессор-оқытушысы біліктілікті арттыру бағдарламасын сәтті аяқтады. Бұл университетте инклюзивті білім беру ортасын дамытуға және барлық студенттер үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Аталған бастама БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосады:
ЦУР 4 — Сапалы білім беру және ЦУР 10 — Теңсіздікті азайту.
Оқытуға келесі кафедралардың оқытушылары қатысты:
«Жалпы инженерия» кафедрасы
Ахметова Патам Тұрғановна
Бейсенбаева Күлнар Адамбайқызы
Нурахметова Күлзира Құмарғалиқызы
Алдекеева Динара Танашбекқызы
Байдуалиева Ақтоты Қайыржанқызы
Джампеисова Айгерім Сламияқызы
Сегізбай Клара Тұрғанбекқызы
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы
Карымсакова Дария Тлетаевна
Момынжанова Қымбат Рахитовна
Зұпар Абдрахман
Мұқият Мейір
Махашева Нұрсұлу Әбілсейітқызы
Кайржанова Айгерім Асқарқызы
«Энергетика» кафедрасы
Абдрахманов Еркеш Абдрахманович
Оразбаев Қазбек Найманқазиевич
Аманғалиев Ерлан Зингалиевич
«Радиотехника және телекоммуникация» кафедрасы
Искаков Еркебұлан Әділгереевич
«Жылжымалы құрам» кафедрасы
Ибадуллаев Файзулла Абдуллаевич
Аширбаев Ғалымжан Қожахатович
«Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасы
Оразбаева Динара Абдолдаевна
Сулейменов Исабек Тасполатович
«Көлік құрылысы» кафедрасы
Атымтаева Дана Болатовна
Молыш Динагүл Қайратқызы
«Автокөлік құралдары және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы
Тойлыбаев Асылбек Ермаханович
Дюсембин Ербол Ануарбекұлы
Баубеков Ермек Ельтаевич
Асылов Ғалымжан
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
Карымсакова Нұргүл Тлетаевна
Карасаева Аружан Шынболатовна
Құрманова Нұраида Нұрланқызы
Орунбеков Мақсат Бағыбаевич
«СГДиФ» кафедрасы
Курманбаева Ләззат Төлебайқызы
Иманбаева Сабира Сарыбайқызы
Шамшиева Гаухар Сағындыққызы
Кудабаев Болат Қалқайұлы
Сағындықова Жанар Қакимовна
Жұмағұлов Марат Дәулетбаевич
Утешова Ақмарал Сұлтанғазиевна
Төке Сандуғаш Талдыбекқызы
«Language Education» кафедрасы
Смаилова Феруза Ибрагимовна
Каламбаева Гүлжан Әлібековна
Есжанова Гүлшат Қуанышовна
Сағырбаева Дина Ерлановна
Нұрманқызы Дана
Еркебаева Ажара Нұрахыновна
«Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасы
Баранов Николай Евгеньевич
Мусаева Гульмира Сериковна
Багаева Назкен Ұзақовна
Тулеубаева Мейрамкүл Кәленовна
Демеуова Құралай Жүнісақыновна


