31 қазан 2025 жылы, сағат 11:30-да, О504 аудиториясында «Кәсіпкерлік және START UP» пәні бойынша «Жобаның MVP тұжырымдамасын жасау және прототип құру» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді.
Сабақты «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының сениор лекторы Демеуова Қ.Ж. УУО-22-1 және ЭиМ-23-1 топтарының студенттерімен бірге жүргізді.
Сабақ барысында студенттер бизнес-жобаларды әзірлеудің негізгі кезеңдерімен, MVP (минималды өміршең өнім) тұжырымдамасын құру әдістерімен және прототипті әзірлеу тәжірибесімен танысты. Бұл тәжірибе олардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және инновациялық ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталды.


