2026 жылғы 19 мамыр күні сағат 11:00-де LE кафедрасында «Сабақта цифрлық құралдарды (Quizlet, Kahoot, ChatGPT және т.б.) қолдану» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Іс-шара ЦУР 4 — «Сапалы білім беру» аясында ұйымдастырылды. Семинарды LE кафедрасының сениор-лекторы Сагырбаева Д.Е. жүргізді.
Семинар барысында заманауи цифрлық платформаларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары қарастырылып, олардың студенттердің қызығушылығын арттырудағы және сабақтың интерактивтілігін күшейтудегі маңызы талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, тақырыптың өзектілігін атап өтті.


