2026 жылғы 27 ақпанда «Автоматтандыру және басқару» кафедрасында «Electronic Worldbench бағдарламасын білім беру үдерісінде қолданудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. Лектор — Н. Курманова.
Семинар барысында Electronic Worldbench цифрлық платформасын оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдары, практикалық бағыттағы оқытуды ұйымдастыру, симуляциялық модельдеу арқылы кәсіби құзыреттерді дамыту мәселелері қарастырылды.
Бағдарлама экономикалық және басқарушылық процестерді модельдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ студенттердің аналитикалық ойлауын, шешім қабылдау дағдыларын және командалық жұмысын дамытады.
Аталған тәжірибе Біріккен Ұлттар Ұйымының (United Nations) Тұрақты даму мақсаттарымен үндеседі:
-
4-мақсат — Сапалы білім;
-
9-мақсат — Инновация және инфрақұрылым.
Семинар заманауи цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың маңыздылығын көрсетті.


