Select Page

2025 жылғы 30 қазан күні ALT университетінің қауымдастырылған профессоры «Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының PhD докторы, Юсупова Гүлбахар Мадреймқызы «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы GSM желілерін дамыту бойынша практикалық сабақтар» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Мастер-кластың негізгі мақсаты — қатысушылардың инновациялық технологияларды пайдалана отырып, телекоммуникациялық GSM желілерін дамыту саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыру, оларды қазіргі заманғы мобильді байланыс желілерін жобалау, баптау және оңтайландыру әдістерімен таныстыру, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін алынған білімді қолдану қабілеттерін дамыту болды.

Мастер-класс барысында магистранттар телекоммуникациялық GSM желілерінің дамуындағы заманауи үрдістермен және осы салада қолданылатын инновациялық технологиялармен танысты. Қатысушылар мобильді байланыс саласындағы ең соңғы жетістіктер туралы баяндама тыңдап, базалық станциялардың және деректерді беру жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын қарастырды, сонымен қатар желі параметрлерін баптау мен оңтайландыруға арналған практикалық тапсырмаларды орындады.

Бұдан бөлек, магистранттар GSM технологияларының негіздері мен телекоммуникациядағы заманауи шешімдер бойынша білімдерін тексеруге бағытталған интерактивті тапсырмалар мен шағын викториналарға белсенді қатысты.

Мастер-класс жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар жоғары қызығушылық, кәсіби мотивация және жаңа технологияларды меңгеруге деген ұмтылыс танытты. Бұл іс-шара қатысушылардың практикалық дағдыларын дамытуға, техникалық көкжиегін кеңейтуге және болашақ байланыс саласы мамандарына қажетті құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етті.

Skip to content
Приемная комиссия