Select Page

Университет тарихында алғаш рет ALT University-дің бірден 5 білім беру бағдарламасы инженерлік білім сапасының беделді еуропалық белгісі — EUR-ACE® халықаралық аккредиттеуінен өтті!

Бұл жай ғана сертификат емес.
Бұл — халықаралық мойындау.
Бұл — еуропалық деңгей.
Бұл — ALT University-дің әлемдік инженерлік білім беру кеңістігіндегі жаңа мәртебесі!

Университеттің бес білім беру бағдарламасы инженерлік білім сапасына қойылатын қатаң еуропалық талаптарға сәйкес келеді және Инженерлік білімді аккредиттеудің еуропалық желісінің (ENAEE) ресми тізіліміне енгізілді.

5 БАҒДАРЛАМА

БАКАЛАВРИАТ

МАГИСТРАТУРА

EUR-ACE® БЕЛГІСІНІҢ АРТЫНДА НЕ ТҰР?

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОЙЫНДАУ

Инженерлік білім сапасының қатаң еуропалық өлшемшарттарына сәйкестік.

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Білім беру бағдарламаларының халықаралық деңгейде мойындалуы түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Халықаралық академиялық ынтымақтастыққа және шетелдік университеттерде білімін жалғастыруға арналған қосымша мүмкіндіктер.

ИНДУСТРИЯНЫҢ СЕНІМІ

Қазіргі экономика мен индустрияға қажет инженер мамандарды даярлау сапасының халықаралық деңгейде расталуы.

 ALT UNIVERSITY-ДІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

EUR-ACE® белгісін алған бес бағдарлама — Университеттің заманауи, тәжірибеге бағдарланған және халықаралық деңгейде мойындалған инженерлік білімді дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының нәтижесі.

EUR-ACE® — САПА БЕЛГІСІНЕН ДЕ ЖОҒАРЫ

Бұл ALT University-дің инженерлерді заманауи халықаралық талаптар мен еуропалық сапа стандарттарына сәйкес даярлайтынын растайды.

Бұл жетістіктің артында профессор-оқытушылар құрамының, білім беру бағдарламалары жетекшілерінің, сарапшылардың, индустриялық серіктестердің және ALT University бүкіл командасының ауқымды еңбегі тұр.

Біз межені көтердік.
Біз сапаны дәлелдедік.
Біз студенттеріміз бен түлектеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашып жатырмыз.

ALT UNIVERSITY — ЖАҢА БУЫННЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК БІЛІМІ!

Автор: Жанысбаева К. Б.

Skip to content
Приемная комиссия