Select Page

«Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасында практикалық шеберлік сыныбы өтті. ALT қауымдастырылған профессоры Е.К. Джексенбаевтың қатысуымен өткен бұл шара «Мұнай-газ құрылысын салу технологиясы» пәніне арналды.

Шеберлік сыныбының тақырыбы: «Құбыр төсегіштер арасындағы қашықтықты және дәнекерлеу жұмыстарын есептеу».

Іс-шара барысында студенттер:

  • Құбыр төсеу технологиясының іргелі қағидаларымен танысты;

  • Құбыр төсегіш техникалар арасындағы қауіпсіз әрі тиімді қашықтықты есептеу әдістерін меңгерді;

  • Дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеп, теориялық білімдерін практикалық есептермен ұштастырды.

Дәріс мазмұнды әрі болашақ мамандар үшін кәсіби тұрғыдан өте пайдалы өтті.

Skip to content
Приемная комиссия