«Энергетика және сандық технологиялар» институтының «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 1-курс студенттері «Өндірістік процестерді басқаруда HMI технологияларын TIA Portal көмегімен пайдалану» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты.
Семинар спикері — кафедра ассистенті Аружан Шинболатовна Карасаева HMI панелін жобалау негіздерін, визуализация құру және тегтермен жұмыс істеу ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Болашақ инженерлер өндірістік процестерді басқару интерфейстерін әзірлеудің қыр-сырын іс жүзінде көрді.
Мұндай шаралар студенттердің инженерлік ойлау қабілетін арттырып, заманауи автоматтандыру құралдарын меңгеруге жол ашады. Бұл ТДМ 4 – Сапалы білім мақсатына сай студенттердің кәсіби және цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.


