Select Page

2025 жылғы 6 қазан
М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Инклюзивті білім беру және психикалық денсаулық офисінің жетекшісі студенттермен, оның ішінде мүгедектігі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастармен семинар-тренинг өткізді.
Тақырыбы: «Іс жүзіндегі инклюзия: мүгедектігі бар студенттердің сенімділігі мен ресурстық күйін дамыту».

Іс-шараның мақсаты – студенттерге тәртіп пен ұйымдасушылық дағдыларын дамытуға, өзіне сенімді болуға, шабыт алуға, әлемге позитивті көзқараспен қарауға және мәселелерді жылдам әрі тиімді шешуге үйрету.
Тренинг инклюзивті білім беруді нығайту мен университетте кедергісіз, қолжетімді және қолдау көрсететін орта құруға бағытталған.

Skip to content
Приемная комиссия