28 мамыр күні IT-ЭЭ-24-7к тобының студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, қазақ драматургиясының көрнекті туындыларының бірі – «Қаракөз» спектаклін тамашалады. Іс-шараның мақсаты – студенттердің мәдени дүниетанымын кеңейту, театр өнеріне қызығушылығын арттыру және ұлттық әдеби мұрамен тереңірек таныстыру болды. Спектакль барысында студенттер махаббат, салт-дәстүр, адам тағдыры мен қоғам арасындағы қайшылықтарды терең бейнелейтін шығарма мазмұнымен танысты. Актерлердің кәсіби шеберлігі, сахналық қойылым, музыка мен декорация көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әсіресе басты кейіпкерлердің ішкі жан дүниесі мен сезімдерінің сахнада әсерлі жеткізілуі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Театрға бару студенттердің рухани-мәдени дамуына оң әсер етіп, қазақ әдебиеті мен өнеріне деген құрметін күшейтті. Осындай мәдени іс-шаралар жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелейді.


