Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма комитетінің «Әрбір адам маңызды» жобасы аясында М.Тынышпаев атындағы ALT университеті мен «ITeachMe» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты – ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы әріптестікті дамыту, инклюзивті қоғам құруға үлес қосу және жастардың кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашу.
Құжат келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
Негізгі мақсаттар мен бағыттар:
- білім беру және инклюзивтік саясат саласында серіктестік қатынастарды дамыту;
- ITM Lab жобасы аясында оффлайн және онлайн форматтағы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру;
- ALT университетінің білім алушыларын және ITeachMe түлектерін бірлескен бастамаларға тарту;
- заманауи технологиялар және инклюзивті орта бойынша тәжірибе алмасу;
- екі тараптың PR-қызметін жүзеге асыру, консультациялық және сараптамалық көмек көрсету;
- бірлескен білім беру және халықаралық жобаларды әзірлеу;
- студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде тәжірибе, практика және мансаптық кеңес беру мүмкіндіктерін ұсыну.
Бұл ынтымақтастық жастарды қолдауға, білім алудың қолжетімділігін арттыруға, инклюзивті білім беру ортасын дамытуға және кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.


