12 қараша 2025 жылы М.Тынышпаев атындағы ALT университетінде «ITeachMe» қоғамдық қорының жобалық менеджері, «Әрқайсысы маңызды» жобасының сарапшысы Масимжанова Алика семинар мен тренинг өткізді.
Спикер «Неліктен инклюзивті білім беру маңызды» тақырыбында семинар және «Біз әртүрліміз, бірақ бір команда» атты тренинг өткізіп, инклюзия қағидаттары мен командада тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту бойынша тәжірибелік білімдермен бөлісті.
Тренинг барысында қатысушылар инклюзияны тәжірибе жүзінде сезініп көрді: кейбіреулер есту қабілеті төмен адам рөлінде құлаққап киіп, басқалары қолдары скотчпен оралған күйде, ал кейбірі сөйлеуінде қиындық бар адамның рөлін орындады. Тапсырма — топпен бірлесіп мұнара салу болды. Бұл жаттығу қатысушыларға әртүрлі мүмкіндіктері бар адамдармен өзара әрекеттесудің қиындықтары мен маңыздылығын терең түсінуге көмектесті.
Іс-шараға студенттер, эдвайзерлер, профессорлық-оқытушылық құрам және институт директорларының орынбасарлары қатысты.
Іс-шараны Инклюзивті білім беру және менталды денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна және бас сарапшы-эксперт Дюсенбекова Гульназ Кенесқалиева ұйымдастырды.
Кіріспе сөзді Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры Ташимбетова Акдана Турсынхановна айтты.


