Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы жастары Халықаралық студенттер күніне арнайы “Jana Beles” — Жастардың шығармашылығы мен белсенділігін насихаттауға бағытталған кеш ұйымдастырылып ең үздік студенттер марапатталды. Фестиваль барысында өнер, креатив және студенттік рух бір арнаға тоғысып, ерекше атмосфера қалыптасты.
“Jana Beles” — «ALMATY STUDENT’S WEEK 2025» апталығының қорытынды шарасы ретінде қала студенттерінің талантын, ұйымшылдығын және жаңа белестерге деген ұмтылысын айқын көрсетті.
Алматы жастарының бастамалары мен энергиясын қолдау әрі дамыту осындай игі жобалар арқылы жалғасын таба береді.


