Университетте студенттердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған «Jusan Mobile-пен бірге мансабыңды баста» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
Іс-шараның спикері Jusan Mobile компаниясының персоналды дамыту тобының жетекшісі Диана Сабралиева болды. Дәріс барысында ол компанияның қызметі, корпоративтік мәдениеті, жас мамандарға арналған мүмкіндіктер, тағылымдамадан өту бағдарламалары және түлектердің мансаптық өсу перспективалары туралы айтып берді.
Кездесу аясында еңбек нарығының заманауи талаптары, жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланатын кәсіби және тұлғалық құзыреттер, сондай-ақ табысты мансап құрудың негізгі қағидаттары талқыланды. Студенттер түйіндеме дайындау, сұхбаттасудан сәтті өту және кәсіби дағдыларды дамыту бойынша пайдалы кеңестер алды.
Диана Сабралиева өз тәжірибесімен бөлісіп, Jusan Mobile компаниясында студенттер мен жас мамандарға ұсынылатын тәжірибеден өту, кәсіби білім алу және мансапты бастау мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.
Дәріс ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек нарығы мен мансаптық даму жөнінде тәжірибелі маманнан құнды кеңестер алды.
Осындай кездесулер университет пен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, студенттердің болашақ кәсіби бағытын айқындауға және еңбек нарығының талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.
Университет Jusan Mobile компаниясына және Диана Сабралиеваға студенттердің кәсіби дамуына қосқан үлесі мен мазмұнды кездесуі үшін алғыс білдіреді.
Автор: Абдикаликова Л. Б.


