2025 жылғы 29–30 қазан күндері кафедра оқытушылары: профессор А.С. Абдрайымова, қауымдастырылған профессор Л.Т. Құрманбаева, сениор-лектор М.К. Қанағатов және сениор-лектор П.М. Бейсенова Қазақстан университеттері өкілдері мен студенттері арасында ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының өкілдік тізіміне енгізілген элементтерін ілгерілету, сондай-ақ оларды сақтау және одан әрі дамыту ісіне белсенді қатысуын ынталандыру жөніндегі семинарға қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және “Қазақстанның қоғамдық даму институты” КеАҚ ұйымдастыруымен өтті.
Семинардың мақсаты: университет өкілдерінің материалдық емес мәдени мұра (МЕММ) ұғымы және МЕММ-ді сақтау бойынша ЮНЕСКО-ның халықаралық бастамаларындағы Қазақстанның қатысуы туралы ақпараттылығын арттыру; қатысушыларды МЕММ элементтерін тіркеудің ұлттық жүйесімен, Ұлттық тізім мен ЮНЕСКО-ның Өкілдік тізімін қалыптастыру үдерісімен, сондай-ақ халықаралық номинация критерийлерімен таныстыру; жаһандану мен цифрландыру жағдайында дәстүрлі тәжірибелерді жас ұрпаққа жеткізудегі өзекті мәселелерді талқылау; Қазақстан университеттерінде МЕММ жөніндегі элективті курстарды, ашық дәрістерді, қоғамдық іс-шараларды және зерттеу жобаларын әзірлеуді ынталандыру; МЕММ элементтерін жүйелі түрде насихаттауға және мәдени дәстүрлерді сақтаушы шеберлерді қолдауға мүдделі оқытушылар мен зерттеушілердің кәсіби қауымдастығын қалыптастыру. Семинар барысында әріптестер талқылауларға белсене қатысып, осы бағыт бойынша силлабустар әзірлеуге атсалысты.


