ALT University-де KAZ Minerals компаниясының қызметкерлері үшін жалпы ұзақтығы 40 сағатты құрайтын біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту аяқталды.
Оқу шеңберінде мамандар келесі бағыттар бойынша даярлықтан өтті:
-
«Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»;
-
«Жол қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйелері»;
-
«Қозғалыс қауіпсіздігін басқару және ревизорлық бақылауды ұйымдастыру».
Курс барысында тыңдаушылар кәсіби білімдерін жаңартып, тасымалдау процесін ұйымдастырудың, қозғалысты басқарудың, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және автоматтандырылған жүйелерді қолданудың заманауи тәсілдерін қарастырды.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар табысталды.
ALT University KAZ Minerals компаниясына сенім білдіргені мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтады және сала мамандарына арналған қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай дамытуды жалғастырады.
Автор: Избасарова Лунара


