ALT Университетінің «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 28 қазанда «KazAgroFinance» АҚ-ның бас маманы Кымбат Бахытқызы Игенбаева ЭиМ-25-1, МиБА-205-1 және УУО-23-1 топтарының студенттерінің қатысуымен қонақ дәрісін өткізді.
Кымбат Бахытқызы өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, еліміздің аграрлық секторындағы маңызды қаржы институттарының бірі — «KazAgroFinance» АҚ-ның миссиясы туралы айтып өтті. Дәріс барысында ауыл шаруашылығын қаржыландыру, агроөнеркәсіптік кешеннің материалдық-техникалық базасын жаңарту, өндіріс тиімділігін арттыру және ауыл жастарының тұрақтануы сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.
Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысып, агроқаржы саласындағы практикалық сұрақтар қойды.


