2022 жылы 2 наурызда «Логистика және көлік академиясы» қабырғасында студент-түлектердің Алматы қаласы полиция департаменті кадр аппаратының бастығы полиция подполковнигі Д. М. Шелекбаймен және Алматы қаласы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б. А. Жұмағұловпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Академия түлектерін Алматы қаласы полиция департаментіне «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері талқыланды.
Полиция подполковнигі Д. М. Шелекбай полиция қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз етуге қызметкердің отбасының әрбір мүшесіне 64200 теңге сомасында шарт жасасу жолымен жалға алынған тұрғын үй үшін ақы төлеу кіретінін, оның төлемі жалақыға қосымша арнайы шотқа аударылатынын, сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің жеңілдікті кредиттеу бойынша тұрғын үй сатып алу жөніндегі мемлекеттік «Шаңырақ», «Алматы жастары» сияқты бағдарламаларға қатысуға құқығы бар екенін хабарлады «
Сондай-ақ, полициядағы жұмыс сапасы, көлік проблемалары, сервистік тәсіл мәселелері қозғалды және ел дамуының жаңа жағдайындағы жұмыстың күн тәртібі айтылды. Кездесу жоғары деңгейде өтті, онда Академия түлектері өз сұрақтарына толық жауап алды.