2026 жылғы 3 ақпан күні Тұрақты даму мақсаттарының 13-мақсаты – климаттың өзгеруімен күрес аясында 299 және 305 топ студенттерімен «Гренландия 2: Миграция» фильмі көрсетілді. Жетекшілер — «Language Education» кафедрасының сениор-лекторлары Мадениет Нұргүл және Изтаева Жанерке. Іс-шараның мақсаты – студенттердің климаттың өзгеруі, жаһандық жылыну және экологиялық апаттардың адам өміріне әсері туралы білімдерін арттыру және экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Фильмде климаттың өзгеруінен туындаған табиғи апаттар мен мұздықтардың еруі салдарынан адамдардың жаппай көшу мәселелері қозғалды. Көрсетілімнен кейін пікір алмасу ұйымдастырылып, студенттер климаттық дағдарыстың экологиялық және әлеуметтік маңызын түсінгендерін атап өтті.
Нәтижесінде, іс-шара студенттердің Тұрақты даму мақсаттары туралы танымын кеңейтіп, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттырды.


