Select Page

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында университет қабырғасында студенттік клубтардың жәрмеңкесі өтті. Бұл шара студенттер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, шығармашылық, ынтымақтастық пен бастамалардың тоғысқан алаңына айналды.

Жәрмеңке барысында студенттер университеттегі түрлі клубтардың қызметімен танысып, олардың мақсаттары мен жобалары жөнінде толық ақпарат алды. Әр клуб өз ерекшелігін көрсетіп, жастарды белсенді студенттік өмірге қосылуға, ортақ іс-шараларға қатысуға шақырды. Шара барысында студенттер өз идеяларын ортаға салып, жаңа достар тауып, бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын түсінді.

Бұл жәрмеңке Тұрақты даму мақсаттарының 17-бағыты — «Мақсаттарға жету жолындағы серіктестік» аясында ұйымдастырылды. Студенттік клубтар өзара серіктестік пен командалық жұмысты дамытуға, университет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға, жастардың бірлесіп жобалар жасауына қолайлы алаң болып табылады. Мұндай орта әр студентке өз әлеуетін ашуға және ортақ табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Студенттік клубтар жәрмеңкесі жастардың белсенділігін арттырып, олардың университет өміріне деген қызығушылығын күшейтті. Бұл күн көптеген студенттер үшін жаңа бастамалардың, тың идеялардың және ынтымақтастықтағы үлкен мүмкіндіктердің бастауы болды.

ALT университеті алдағы уақытта да студенттердің бірлескен жобалар арқылы дамуына жағдай жасап, тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға өз үлесін қоса бермек.

Skip to content
Приемная комиссия