2025 жылғы 24 желтоқсанда Логистика және бизнес институтының «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасында «Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәрісті Алматы-1 станциясының бас инженері Каундыков Ерлан Мажитович оқыды.
Дәріс барысында спикер көлік объектілерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік тәуекелдердің алдын алу және еңбекті қорғау талаптары мен нормаларын сақтау саласындағы практикалық тәжірибесімен бөлісті. Қозғалыс ережелерін бұзудың алдын алу, нормативтік талаптарды әзірлеу және сақтау, сондай-ақ әрбір қызметкердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір қызметкердің өз қызметтік міндеттерін адал, жауапты және тәртіпті орындауы жағдайында ғана мүмкін екені атап өтілді. Сонымен қатар, өндірістік объектілерде жеке тәртіп пен қауіпсіздік мәдениетінің маңыздылығы ерекше көрсетілді.
Аталған қонақ дәрісі Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда ЦУР 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» (8.8-міндет — қауіпсіз және сенімді еңбек жағдайларын қамтамасыз ету) сәйкес келеді және студенттердің көлік саласындағы кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.


