ALT университетінде дуалды оқыту бағдарламасы аясында кафедраның ПЧ-46 филиалының маманы Нұржан Анарбековпен шабыттандыратын кездесу өтті.
Нұржан Анарбеков MTM, ЖППХ және СЖД топтарындағы студенттерге қонақ дәріс оқып, құнды білімімен, практикалық тәжірибесімен және нақты өмірлік кейстермен бөлісті. Студенттер сұрақтар қоюға, саланың қазіргі талаптары туралы білуге және болашақ мамандықтары бойынша практикалық көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Нұржан Анарбековке ынтымақтастығы және болашақ студенттердің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!


