Select Page

2025 жылғы 10 желтоқсанда Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университетінде Көлік құрылысы кафедрасының ұйымдастыруымен «Көлік құрылысы кафедрасының білім беру бағдарламаларын қайта қарау және жаңарту» тақырыбына арналған Оқу-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға қонақ ретінде Жұмыс берушінің өкілі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолды және құрылыстарды диагностикалау құралдарын пайдалану бөлімінің менеджері Бакеев Сейл Сергазиевич шақырылды. Семинарға ALT Университетінің көлік құрылысы кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Көлік құрылысы кафедрасының ALT қауымдастық профессоры, т.ғ.д. Исмагулова С.О. презентациялық баяндама жасады. Ол, өз баяндамасында көлік құрылысы, кадастр және қала құрылысы үшін мамандар даярланатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіру жолдарын атап өтті.

Талқылау барысында сөз сөйлегендер: Жұмыс берушінің өкілі Бакеев С.С., ALT қауымдастық профессоры, т.ғ.к. Тулемисов Т.Ж., қауымдастық профессоры, т.ғ.к. Бихожаева Г.С., қауымдастық профессоры, т.ғ.к. Алимкулов М.М. және студенттер.

Skip to content
Приемная комиссия