2026 жылғы 11 шілдеде ALT Университетінің «Көлік құрылысы» кафедрасында «Темір жолдар құрылысы, жол және жол шаруашылығы» инженерлік мамандығы бойынша 1981 жылғы түлектердің 45 жылдық мерейтойына арналған форсайт-сессия өтті. 1981 жылғы түлектердің студенттік кезеңі Алматы теміржол көлігі инженерлері институтының (АлКИИ) дербес жоғары оқу орны ретінде қалыптасуының алғашқы жылдарымен, сондай-ақ оның білім беру, ғылыми және инженерлік дәстүрлерінің негізі қаланған ерекше кезеңмен тұспа-тұс келді.
«Біз АлКИИ—нің бастауында тұрдық – біздің тәжірибеміз көлік саласының болашағына қызмет етеді» тақырыбындағы кіріспе баяндамамен «Көлік құрылысы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, 1981 жылғы түлек Ибраимов А.К. сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол 1976–1981 жылдар аралығындағы АлКИИ-нің қалыптасу кезеңі туралы айтып берді. Түлектер атынан теміржол көлігінің ардагерлері Бирбаев Б., Каракушиков Р.К. және Рсымбетов А.Ж. сөз сөйледі.
1981 жылғы түлектер кәсіби қалыптасуы АлКИИ-нің қалыптасу кезеңімен қатар жүрген буынның өкілдері ретінде тарихта қалды. 1976–1978 жылдары алғашқы кафедралар құрылып, материалдық-техникалық база нығайтылды, ғылыми бағыттар дамытылды, педагогикалық дәстүрлер қалыптастырылды және теміржол көлігі кәсіпорындарымен берік байланыстар орнатылды.
АлКИИ қызметінің алғашқы жылдарындағы түлектер өздерінің қажырлы еңбегімен жас институттың беделін нығайтты. Олар темір жолдарды салуға, реконструкциялауға және пайдалануға қатысты, жол шаруашылығын дамытты, өндірістік ұжымдарға басшылық етті, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті және жинақтаған тәжірибелерін жас мамандарға жеткізді.
Қазіргі уақытта білім беру технологиялары қарқынды дамуда. Алайда көлік саласы үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды инженерлік даярлаудың іргелі қағидаттары өзгеріссіз қалады.
Біздің ортақ міндетіміз – АлКИИ туралы тарихи жадыны сақтау, оның түлектерінің кәсіби тәжірибесін зерделеу және үздік дәстүрлерді инженерлердің жаңа буындарына жеткізу. ALT Университетінің мұрасы – бұл тек тарих беттері ғана емес. Бұл Қазақстан Республикасының көлік саласындағы білім беру болашағы қалыптасатын берік іргетас.
Автор: Тулемисов Т. Ж.


